Жастардың тәрбиесі бірінші орында

Жасөспірімдердің тәрбиесіне бүкіл халық болып мән беріп, ел  болып үлес қосатын ұлтпыз. Сондықтан да заңғар жазушымыз М.Әуезов: «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген салмақты ойын бір ауыз сөзбен жеткізген. Қостанай қаласының №28 мектеп-гимназиясы ұжымы мен Қостанай облысы бойынша Департаментінің шекарашылары зоом бағдарламасы арқылы жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Айта кететін жағдай, шекарашылар мен мектеп ұжымы қазіргі қашықтықтан оқыту әдісіне байланысты мұндай шараны бірінші рет ұйымдастырып отырған жоқ. Бұған дейін де оқушалырды Шекара қызметі академиясына оқуға шақыру жұмыстарын, ерлік сабақтарын дәл осылай интернет желісі арқылы онлайн кездесумен жүзеге асырған болатын. Сондықтан да шекарашылардың жастарды тәрбиелеу ісіне белсене қатысуын ерекше атап кетуге болады. Қуанарлық жағдай.

Бүгінгі тақырыптары да өзгелеу және салмақтырақ. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен олардың құқықтарын қорғау» деп аталады. Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назгүл Байділдаева оқушыларға мемлекетіміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған. Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені баса айтылғанын жеткізді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайтынын  түсіндірді. Сонымен қатар, әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар екеніне тоқталып, әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар екенін тілге тиек етті.

Департаменттің бас тәлімгері подполковник Д.Кекілов жасөспірімдерге адамның жеке басының жақсы қасиеттерін дамыту мен өз-өзін тәрбиелеу ісі – тек өзінен басталатынын айтты. Соның қатарына Отанға деген сүйіспеншілік пен адал қызметтің бірінші орында тұруының қажеттілігін қарапайым тілмен жеткізді.

Шара – өскелең ұрпаққа ақыл-кеңес берер мағлұматқа мол болды. Себебі жастардың тәрбиесін басты назарда ұстап, осындай қажетті ақпаратқа мол іс-шараларды молынан ұйымдастырған елдің ғана болашағы жарқын болмақ!

Манарбек Қарекенов,

ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша Департаменті, майор

Редактор

Recent Posts

Блогера Миршата Сарсенбаева приговорили к 7,5 годам тюрьмы

Суд в Костанае признал его виновным в вымогательстве. Об этом сообщает ИА "ТоболИнфо"  (далее…)

3 недели ago

В Костанайской области проверят 86 тысяч проб семян перед посевной

На эти услуги из бюджета выделено 171 258 620 тенге. (далее…)

3 недели ago

Карабалыкский район: к посевной готовы

Об этом говорит аким района Руслани Халыков. (далее…)

2 месяца ago

Екі елдің ортасында: Қостанай облысының шекара маңы қалай өмір сүріп жатыр және оны неге жоғалтуға болмайды

Ресеймен шектесетін ауылдар — мемлекеттік шекара әлдеқашан картадағы сызық болудан қалып, күнделікті өмірдің бір бөлігіне…

3 месяца ago

В Карабалыкском районе газифицируют детский оздоровительный лагерь

Сделать это хотят для того, чтобы лагерь «Достык» работал круглый год. (далее…)

5 месяцев ago

This website uses cookies.